Семіруге жол бермейтін 7 тағам

0
3 156

Аталмыш 7 тағамнан басқасы сымбатыңызды бұзып, семіртетінін есіңізге саламыз!


Семіруге жол бермейтін 7 тағам

Қазіргі таңда семіздіктен арылуға көмектесетін түрлі азықтардың жарнамасын көптеп кездестіруге болады. Алайда оларды ішіп-жегеннен кейін көп нәрсені уәде еткен жарнамадан көңіліңіз қалуы да ғажап емес. Кейбірі әсер етуі де мүмкін. Алайда оның қандай өнімдерден жасалғанына, денсаулығыңызға расында да зиянын тигізбейтініне сенімді бола аласыз ба?

Әрине, жоқ. Ал, мына табиғи 7 өнім сіздің дене-бітіміңізге ешбір залалын келтірмей, қарныңыздың тоқ жүруіне көмектеседі.


Жасымық

Көптеген зерттеулер дәлелдегендей жасұныққа бай тағамдар ағзадағы артық маймен күреседі. Осындай пайдалы затты жасымықтың бойынан табуға болады. Жасұнықтан жасалған тағамды жегеннен кейін ұзақ уақыт бойы қарын ашпайды. Сонымен қатар, жасымықтра ақуыз бен көптеген нәрлік заттар бар. Оның 100 грамында 119 ккал ғана бар екен.


Кокос жаңғағы

Кокос жаңғағында ең маңызды компонент – ортатізбекті триглециридтер бар. Бұл зат адам ағзасына май жинауға емес, керісінше оны жоюға атсалысады. Сонымен қатар кокос майы да артық калорияны жақсы ерітеді.

Тағамға кокос майын қосатын болсаңыз хош иісі мұрынды жарады. Сондай-ақ, тәтті қосылмаған кокос майын протеинді коктейлдерге қоссаңыз да пайдасын тигізері сөзсіз.


Қара жидек


Қара жидектің кез келген түрі пайдалы. Мысалы, кептірілген, қатырылған, балғын түрі болсын нәрлі заттарға бай жеміс болып табылады. Табиғи қара жидек тәттісүйер жандар үшін керемет дәмқосар болмақ.

Қара жидекте пайдалы дәрумендер мен жасұнық, антиоксиданттар және басқа да миералды заттар өте көп. Осындай құрамының арқасында бұл жеміс қандағы қант мөлшерін азайтуға көмектеседі. Ал, қара жидектің бойындағы С дәрумені қандағы глюкозаның қалыпты болуын қадағалайды.


Көк шай

Көк шайдағы антиоксиданттар оны адам ағзасына пайдалы ете түседі. Мамандар көк шайдың майды өте жақсы ерітетінін алға тартуда. Бірақ та көк шайды физикалық белсенділікті жоғарылатқанннан кейін ішу керктігін ескертеді. Себебі осындай жағдайда көк шай майды тез ерітеді екен. Сонымен қатар, оның құрамындағы амин қышқылының тыныштандыратын да қасиеті бар.Әсіресе созылмалы стреске шалдыққандардың артық май жинауына жол бермейді.


Кофе


Көк шайға қарағанда кофеде өте күшті антиоксиданттар бар көрінеді. Ғалымдар кофесүйер қауымның ұзақ өмір сүретінін айтқан.

Күн сайын 1-2 шыны табиғи кофе ішкен жанның көңіл күйі қалыпқа түсіп, өзін жақсы сезінетін болады. Себебі кофе жүйке жүйесіне әсер етіп, басқа жағымсыз әсерлерді елеметіндей етеді. Алайда кофе ішкеннің жөні осы екен деп шамадан асыруға болмайды. Осыны есте ұстаңыз!


Жапырақты қызылша

Жапырақты қызылша құнарлылығы аз нәрлі заттарға бай көкөністердің бірі. Бұл жапырақты күнделікті жеу арқылы артық салмақтан арылып қана қоймай, ағзаға майды жиыратын қажетті қор жинауға көмектесесіз. Ғалымдар жапырақты қызылшаның тез сіңетінін де өз зерттеулерінде дәлелдеген екен.


Авокадо


Авокадо жемісін қалай жесеңіз де өз пайдасын жоғалтпайды. Мысалы, салатқа қоссаңыз, тұздық ретінде пайдалансаңыз да авокадо бойындағы пайдалы заттарын сақтайды.

Авокадо жемісінде семіздікпен күресетін жасұнық, калий, фолий қышқылы, А дәрумені бар. Сол себепті де аталмыш жемісті өз рационыңызға қосқаныңыз дұрыс.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ІШ ӨТКЕНДЕ мына тағамдардан бас тартыңыз!


Табиғи "май еріткіштерді" білесіз бе?



Түрлі вирусқа қарсы тұра алатын 10 тағам