Түрлі вирусқа қарсы тұра алатын 10 тағам

0
7 700

Дұрыс тамақтану - коронавирустың індетін сізден алшақтататын ең күшті құрал!


Түрлі вирусқа қарсы тұра алатын 10 тағам

Бүкіл әлемді жайлаған індеттің өршіп тұрған кезінде өзіңізді де, отбасыңызды да коронавирус дертінен қорғауға тырысыңыз. Бұл ретте сіз денсаулығыңызды дұрыс тамақтану арқылы ғана сыртқы инфекциядан, түрлі вирустардан сақтай аласыз.

  1. Шетелдік дәрігерлер коронавирустың алдын алуға әрі иммуниетті нығайтуға септігін тигізетін тағамдар тізімін жариялады. Олардың пікірінше ең алдымен адам суды көп ішуі керек екен. 1 келі салмаққа 30-40 мл су ішесіз. Судың бөлме температурасында болғаны дұрыс.
  2. Екінші ең маңызды нәрсе – ішек жұмысының жақсы болуы. Адам денсаулығының 80 пайызы ішек жұмысына байланысты екен. Ол үшін жасұныққа бай тағамды тұтыныңыз. Жасұнықты ботқалардан, кебектен, астық тұқымдастардан, көкөністерден табуға болады.
  3. Сонымен қатар, ішек жұмысын жақсартуға атсалысатын қышқыл сүт өнімдері де өте пайдалы. Құрамы инулинге бай сүт өнімдері ішек жұмысын жақсартады.
  4. Ал, жасушалық жарғақшаның саулығы үшін омега-3 майлы қышқылы қажет. Яғни, тамақтану рационында балықтың болғаны дұрыс. Бірінші кезекте майшабақ, скумбрия, ханса балықты алуға тырысыңыз.
  5. Д дәрумені – иммунитетті қалыпты ұстап, нығайтуға көмектесетін ең күшті дәрумендердің бірі. Д дәруменін дәріханалардан сатып алып қабылдауға болады.
  6. Майдың да пайдасы зор. Сары май өкпенің жұмысын жақсартып, тыныс алуды реттейді. Сол себепті де таңғы асқа сары май жеуді әдетке айналдырыңыз. Егер сары майды аз жейтін болсаңыз, өкпеде сурфактант азайып, оттегі ағзаға дұрыс сіңбейді.
  7. Полифенолдар, пектин мен дәрумендер – денсаулықты нығайтатын күшті құралдар. Оларды көкөністер мен жеміс-жидектерден табуға болады.
  8. Қызыл ет – темірді тасымалдаушы болғандықтан да, гемоглобиннің жақсы боп шығуына атсалысады. Былайша айтқанда короновирусқа шалдықпас үшін дұрыс әрі толықтай дәрумендер мен минералдарға бай тағамды тұтыну қажет.
  9. Сарымсақ пен пияз. Бұл екі көкөністің де тұмаудың алдын алуға пайдасы зор. Алайда толықтай короновирустан қорғайды деп айту қиын. Дегенмен, қанды тазалап, иммунитетті нығайта түседі.
  10. Алкогольді ішімдік вирустан қорғайды дегенге сену қиын. Әйткенмен, дәрігерлер полифенол мен ресвератролға бай қызыл шарап аурудың алдын алуы мүмкін. Күніне 150 мл шарап ішкен жеткілікті.

Жоғарыда айтылған тағамдарды өз рационыңызға қосумен қатар, гигиеналық тазалыққа да аса мән берген дұрыс. Сонда ғана аурудың алдын алып, өмірімізді сақтап қала аламыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Кәдімгі ҚАРА ШАЙ ІШІП те арықтауға болады


Қыздай болғыңыз келсе - бала ЕМІЗЕТІН әйелдерге арналған ДҰРЫС диета


Қызанақ шырынымен бір аптада 7 КЕЛІ САЛМАҚ ТАСТАУҒА болады