Арықтау үшін адам ішіп-жегенінен де көп калорияны жоғалтуы керек.
Бірақ кейбір табиғи май еріткіш азықтардың көмегімен ағзаға көбірек майды ерітуге көмектесе аламыз. Тіпті, олардың көмегімен зат алмасуды жақсартып, қарынның ашуын да басуға болады. Табиғи май еріткіштер салмақты азайтуға айтарлықтай үлес қосады.
Полифенолдар
Полифенолдар – химиялық заттар тобына жатады. Оны көптеген азық-түліктердің, жеміс-жидектер мен көкөністердің құрамынан табасыз. Кейбір зерттеулерде полифенолдардың артық салмақпен күресетіні дәлелденген.
Құрамы полифенолдарға бай тағамдардан тұратын диета діттеген мақсатыңызға жетуге көмектеседі. Бұл заттар ішеткегі бактерияларға әсер етіп, салмақтың азаюына септігін тигізеді екен. Әсіресе алма мен алмұрттың, грейпфрут пен саумалдықтың құрамында полифенол көп кездеседі. Тамақтану мәзірінде осындай жемістер табылатын болса, арықтау да жеңіл болады.
Ақуыз
Құрамы ақуызға бай тағамды жесеңіз, ұзақ уақыт бойы қарныңыз ашпайтын болады. Себебі ақуыз майды ерітіп қана қоймай, салмақ жоғалтуға септігін тигізеді. Мысалы, ақуызға бай тағамды жегеннен кейін көп адамдар өзінің ұзақ уақыт бойы тоқ жүргенін айтады. Өйткені оның зат алмасу жүйесі қарқынды жұмыс істеп, майды ерітуге күш салады. Сондықтан да құнарлылығы аз, бірақ ақуызы мол тағамды тамақтану рационына қосқан дұрыс.
Есте сақтаңыз! Салмақты тез жоғалтқыңыз келсе құнарлылығы төмен ақуыздарды таңдауыңыз керек. Мәселен, майсыз тауық еті, балық пен өсімдік ақуыздары. Ал, керісінше қызыл еттен, қуырылған тағамнан, көп көлемде май қосылған азықтар, майлардан бас тартқан абзал.
Кофеин
Кофеин – адамның зат алмасу жүйесін жылдамдататын заттардың бірі. Қазіргі таңда кофеинді энергетикалық сусындарға да қосуда. Мұны көбінесе спортқа шын берілген жандар қолданып жатады. Май еріткіш кофеин шайдың, какаоның, кофенің құрамында бар.
Майды еріту үшін құнарлылығы төмен кофені таңдаңыз. Оны қантсыз, сүтсіз ішуге тура келеді.
Пробиотиктер
Құрамы пробиотиктерден тұратын азық-түлікті пайданалатын болсаңыз, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартасыз. Пробиотиктер – адам денсаулығына пайдалы тірі бактериялар.
Пробиотиктерді йогурт, ферменттелген азық-түліктер мен ашытылған қырыққабаттан алуға болады. Сондай-ақ, пробиотиктерді тағамдық қоспалардан да таба аласыз. Пробиотикке бай тағамды жегеннен кейін ас қорыту жүйесі жақсарып, пайдалы бактериялар мен зиянды бактериялар тепе-теңдігі сақталады. Тіпті, дәрігерлердің өзі мұндай тірі бактериялар міндетті түрде арықтауға көмектеседі дейді.
Көк шай
Көк шайда жоғарыда айтып өткен май еріткіштер – кофеин мен полифенол бар. Міне, осы екі заттың қосындысы арқылы көк шайды ең күшті май еріткіш құрал деп айтуымызға болады. Мұны күнделікті көп тамақтанып қойғаннан кейінгі уақытта көк шай ішетін жандар жақсы түсінеді.
Дайындаған: Майра Сейфуллина,
Тағы да оқыңыз:
Түрлі вирусқа қарсы тұра алатын 10 тағам
Кәдімгі ҚАРА ШАЙ ІШІП те арықтауға болады
Қыздай болғыңыз келсе - бала ЕМІЗЕТІН әйелдерге арналған ДҰРЫС диета