"Тәтті ҚАРАША" диетасы

0
2 413

Күрең күзде денеңізді май басып, мазаңыз қашпасын десеңіз, ауызға салар әрбір тағамыңызды ойланып жеңіз!


«Тәтті қараша» диетасымен қараша айында 5 келіге арықтауды қаласаңыз, тез арада өз-өзіңізді қолға алыңыз. Аталмыш емдәм түнгі ұйқыны реттеп, сол арқылы жүйке жүйені тыныштандырады. Ал, адамның жүйкесі тынышталса, гормондық тепе-теңдік те сақталады. Осылайша арықтауыңызға ештеңе де кедергі келтіре алмайды. Дегенмен, бұл диетаны тек қараша айында ұстау міндетті емес. Күзде барлық көкөністер мен жемістер болатындықтан да тиімділігі өте жоғары. Сондықтан да дәл осы мезгілде арықтауды қолға алған дұрыс. Ендеше «ТӘТТІ ҚАРАША» диетасымен таныс болыңыздар!


Таңғы ас

Таңғы асты тастамаған дұрыс. Әрине, көп тамақтанып, қарынды барынша тойдырыңыз демейміз. Таңғы ас жеңіл әрі құнарлы болуы керек. Төмендегі тағамдарды кезектестіре отырып, ас мәзіріне қосыңыз:

180 гр. Майсыз сүзбе, 5-6 дана кептірілген өрік, 1-2 дана шабдалы;

180 гр. Майсыз сүзбе мен 1 данан банан;

Майсыз сүтке пісірілген 200 гр. Сұлы ботқасы, 1 дана пеште піскен алма;

200 гр. суға қайнатылған қарақұмық ботқасы, 100 мл даршын қосылған йогурт;

200 гр. майсыз сүтке пісірілген тары ботқасы, 100 мл йогурт.

Түскі ас

Ақуызға бай тағамнан бас тартпаңыз. Түскі асқа балық, тауық, сиыр еттерінен дайындалған тағамдар, сүзбе мен жұмыртқаның ақ уызын қосыңыз. Сонымен қатар, көмірсуға бай қарақұмық, тары, піскен картоп та пайдалы. Ең дұрысы түскі уақытта мынадай ас мәзірін дайындаңыз: 1 кесе көкөніс сорпасы, ет, буға піскен балық пен тауық еті, немесе бұқтырылған көкөніс тағамы.

Бесін ас

Бал қосылған 1 стақан какао, 1 дана алма.

Кешкі ас:

Кешкілік уақытта кальций мен ақуызға бай тағамдарды қолданған дұрыс. Сондықтан да сүзбе, кефир, соя ірімшігі, брокколи немесе гүлді қырыққабаттың болуын қадағалаңыз.


Тек емдәммен шектелуге болмайды


«Тәтті қараша» диетасы физикалық жаттығулармен жалғасын тапса ғана нәтиже береді. Сол себепті де күн сайын 40 минуттай жаяу жүруге дағдыланыңыз. Асығып-үсігіп жүрудің еш пайдасы жоқ. Сондай-ақ, босаңсуға да болмайды. Жаяу жүрген уақытта аздап терлегеніңіз дұрыс. Шаршап қалмаңыз. Ал, ұйқаға жатарда өзіңізге ұнайтын жаттығумен айналысып, ішкі ағзалардың жұмысына белсенділік сыйлаңыз!

Дұрыс тамақтану мен әлгіндей жеңіл жаттығулар дененің бір қалыпты сақталуына, тіпті, әдемі мүсін иесі болуға септігін тигізеді. Күрең күздің құбылмалы ауа-райына қарамастан жаяу жүруді жалғастырыңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


БЕДЕУЛІКтен арылуға КӨМЕКТЕСЕтін диета


Арықтау үшін ЫДЫСТЫ да, КІРДІ де қолмен жуыңыз!