МЫНА жаттығумен көктемгі ӘЛСІЗДІКТІ орныңыздан ҚОЗҒАЛМАЙ-ақ жеңесіз

0
2 120

Жаттығуды орындау өте оңай: әрбір қалыпта 30 секунд қозғалмай тұрсаңыз болғаны!


МЫНА жаттығумен көктемгі ӘЛСІЗДІКТІ орныңыздан ҚОЗҒАЛМАЙ-ақ жеңесіз

фото: novaiy.ru

Міне, қыс бітіп, жылы шуағын төгіп көктем келді. Көктем - жаттығу жасауды қолға алып, мүсініңізді әдемі етуге ең қолайлы кез. Себебі табиғатпен бірге біздің ағзамыз да оянады. Бірақ фитнеспен шұғылдануға кіріскенде қиын әрі ұзақ уақыт орындалатын жаттығуларды қаламайтыныңыз анық. Ендеше, жаттығуларды төсекте жатып-ақ жасаңыз. Иә, олай да амалын табуға болады. Сіздерге қозғалысты қажет етпейтін жаттығу түрлерін ұсынамын. Алайда жақсы нәтижеге жету үшін әрбір қимылды 10 рет қайталау қажет екендігін жадыңызда сақтаңыз. Оң өзгерістер 2-3 аптадан соң байқала бастайды.

Бұл жаттығулардан соң денеңізді жеңіл сезініп, бойыңызға қуат толып, сонымен қатар дене бітіміңіз сымбатты болады. Бастысы, жаттығуларды орындау кезінде қозғалмайсыз, барлығы статика (тұрақты қалып) бойынша жүзеге асырылады. Тек әрбір жаттығуды орындаған кезде 5-30 секундқа қозғалмай қатып қалсаңыз жеткілікті. Аптасына ең болмағанда 4-5 рет жасағаныңыз жөн.


«Көбелектің қанаты»

фото: econet.ua

Жартылай бүгілген оң аяғыңызды қабырғаға тіреңіз. Ал жартылай бүгілген сол аяқты оң аяқтың тізесінің үстіне қойыңыз. Беліңізді еденнен көтеріңіз. Екі қолыңызды ішіңізге қойыңыз. Дәл осы қалыптағы жаттығуды екінші аяғыңызбен жасау керек.

«Диірмен»

фото: econet.ua

Бөксеңізді қабырғаға тіреп, алақандарыңызды ішіңіздің тұсына қоясыз. Оң аяқты тік, ал сол аяқты барынша төменге түсіріңіз. Осы жаттығуды екінші аяқпен де жасаңыз.


«Сәлемдесу»

фото: econet.ua

Екі аяқты түзу ұстап қабырғаның бойына қойыңыз да, аяқты жоғары қарай көтеріңіз. Еденнен тек жауырыныңызды көтеруге болады. Оң қолыңызды түзу ұстап табаныңызға қарай жеткізуге тырысыңыз. Сол қолыңызбен де осылай қайталаңыз.


«Қайшы»

фото: econet.ua

Тізеңізді бүкпей екі аяқты жоғары қарай көтеріңіз. Оң аяқты қабырғаға тіреп, ал сол аяқты артқа тартыңыз. Алақанмен беріңізді тіреп ұстап тұрыңыз. Оң аяқпен де осы жаттығуды қайталау қажет.


«Көпір»

фото: econet.ua

Кілемшеге жатыңыз. Алақандарыңызды еденге қойыңыз. Ал саусақтарыңыздың шеті қабырғаға тиіп тұру керек. Табандар мүмкіндігінше қабырғаның жоғары жағына қойылған жөн. Қабырғаның жоғарғы бетіне табанды тірегеннен кейін санға күш салып, беліңізді көтеріңіз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін әр жаттығуды 10 реттен қайталаңыз. Көзге көрінетін нәтиже 2-3 аптадан соң байқалады.

Дереккөз: econet.ua

Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ЕКПІНДЕП жүру ЖҮРЕК ауруынан САҚТАЙДЫ


ЕКІ шелек СУ арқылы ИММУНИТЕТТІ көтеруге болады