ЕКІ шелек СУ арқылы ИММУНИТЕТТІ көтеруге болады

0
8 098

Күн сайын міндетті түрде 108 қадам жүруіңіз шарт.


ЕКІ шелек СУ арқылы ИММУНИТЕТТІ көтеруге болады

Жаздың соңғы айының бел ортасы болып қалды. Әне-міне дегенше жайма-шуақ күндер де аяқталады. Күн шуағы төгілген әр сәтті құр жібермей, денсаулығыңызды күшейтіп алыңыз. Әсіресе таңмен таласа тұрып, сумен шынықсаңыз, иммунитетіңізді көтеріп, ағзаңызды күздің суығына дайындайсыз.

"Бұлақ суымен 108 қадам" - тибеттік монахтардың қолданған жаттығуы. Олар күн сайын, таңертең ұйқыдан оянғаннан тауға қарай аяңдайды. Құмыраларын суға толтырып, таудан аққан, салқын бұлақ суымен 108 қадам жүреді. Күнделікті орындағандықтан бұл монахтар үшін жаттығу емес, өмір салтына айналып кеткен әдет.

Неге 108 қадам?




Адам бойында 6 сезім мүшесі бар. Олар: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері (ауыруды, ыстық-суықты сезіну), тепе-теңдікті сақтау. 6 -қадам. Бұлардың әрбірі адамға 3 түрлі - жағымды, жағымсыз және бейтарап әсер етеді. Сонымен, бәрін қосқанда - 18 қадам. Осы сезімдердің кез келгені адамға рақат немесе жиіркену сезімін сыйлауы мүмкін. Осыдан соң 36 қадам шығады. Адамдар бұл сезімдерді бұрын сезінген болуы немесе бүгін және болашақта сезінуі мүмкін. Сондықтан 36-ны 3-ке көбейтеміз. Соңында 108 қадам, яғни 108 құштарлық шығады.


Жаттығуды қалай орындайды?



Егер аулаңызда ағынды су болса әрі жаттығуды сол жерде орындасаңыз, нәтижесі керемет болады. Ағынды судың биіктігі 2-3 см аспағаны жөн. Ал ондай мүмкіндік болмаса, оқа емес. Жаттығуды үйде де орындай аласыз. Душқа су толтырып, ішіне массаж кілемшесін салыңыз. Бұл жаттығудың әсерін арттырады. Не болмаса, үлкен шараға су құйып, ішіне ұсақ тастарды тастайсыз. Есіңізде сақтаңыз, күн сайын міндетті түрде 108 қадам жүруіңіз шарт.

Жаттығуды негізінен суық суда орындаған құба-құп. Дегенмен бастапқы уақытта жылы немесе салқын су қолдануға кеңес береміз. Бойыңыз үйренген соң барынша салқын сумен жүргеніңіз жөн.


Жаттығудың қандай пайдасы бар?


Адам аяғында бүкіл ағзаға әсер ететін белсенді нүктелер орналасқан. Жаттығуды күделікті орындасаңыз сол нүктелерге әсер етіп:

  • бүкіл ағзаның энергиясы артады;
  • иммунитет нығаяды;
  • тамырлар сергиді;
  • аяқтағы ісік басылады;
  • күні бойы сергек жүруге көмектседі.

Жаттығудан соң аяқты бірден құрғатып сүртуге болмайды. Сүлгімен сәл сүртіп, өздігінен құрғауын әрі жылынуын күтіңіз. Аяқ жылынған соң шұлық киіп алыңыз.


Дереккөз: zen.yandex.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

Аяқ пен қолды АЙҚАСТЫРСАҢЫЗ ағзада 12 түрлі ӨЗГЕРІС болады


МЫНА жаттығу бойыңыздағы "ЖАУЫНГЕРДІ" оятады