ERNUR.KZ. Ақмола облысында қызмет барысында патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Асанәлі Асқарбеков қаза тапты, деп жазады baq.kz.
Ақмола облысының полиция департаменті қызметтік міндетін атқару кезінде патрульдік полиция инспекторының қаза болуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Қайғылы оқиға биыл 7 желтоқсанда Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды. Алғашқы мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қауіп жөнінде, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық ПД..
Департамент бұл оқиға бойынша "жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізілетінін" айтты.


