Сурет: i.pinimg.com
2026 жыл нумерология тұрғысынан жандану мен рухани өсу жылы болады. Жалпы 2026 жылдың нумерологиялық энергиясы: 2 + 0 + 2 + 6 = 10 → 1
«1» жылы – жаңа бастамалар мен тұлғалық жаңғыру жылы. Жаңа идеялар, креатив, көшбасшылық, өз жолын табу энергиясы басым болады.
1-топ – 1971, 1972, 1976, 1980, 1981, 1985, 1989, 1990, 1994, 1998, 1999, 2003 жылы дүниеге келгендер. Оларда 2026 жыл – ІШКІ ҚҰДІРЕТТІҢ ОЯНУЫ кезеңі.
2026 жылы сіздерде сөздің қуаты мен адамдарды сендіру қабілеттеріңіз ашылады. Адамның шынайылығын бірден сезетін боласыздар. Қажетті адамдарды «магниттей» тартасыздар. Мәселелерді көзге көрінбейтін шешімдерін табасыздар.
Кеңес: Түстеріңізге мән беріп, жазып жүріңіздер сол жерден бағыт, белгі аласыздар.
2-топ – 1973, 1975, 1977, 1978, 1982, 1984, 1986, 1987, 1991, 1993, 1995, 1996, 2000, 2002 жылы туғандарда ФЕНИКС ЭНЕРГИЯСЫ оянады.
Бұл жыл – түбегейлі өзгеріс жылы. Қажетсіз, басы артық нәрселерден, «улы» байланыстардан біржола арыласыздар. Жұмысты, қаланы ауыстыру ықтималдығы бар және бұл ең дұрыс шешім болады. Өздеріңіз бұрын байқамаған қабілет ашылып, табысқа жол ашылады.
Кеңес: Ойыңызға алған іске тәуекел етіңіздер, ғалам сіздерді қолдайды.
3-топ – 1970, 1974, 1979, 1983, 1988, 1992, 1997, 2001 жылы туғандар. Сіздерде 2026 жылы МӘҢГІЛІК КОДЫ іске қосылады. «Ұмыт қалған» тектік дарыныңыз оянады. Марқұм болған туыстарыңыз түсіңізге кіріп, маңызды хабар жеткізуге тырысуы мүмкін. Ежелгі таңбаларға, тілдерге деген қызығушылық оянады. Бұрын бұл жайлы мүлде хабарыңыз, біліміңіз болмаса да, енді жаймен түсіне бастайсыздар. Қолға өздігінен түскен бір зат тағдырыңызбен тығыз байланысты болып шығуы мүмкін.
Кеңес: Кенеттен келген «дежавюге» сеніңіз, сол сізге белгі болады.
Аударған: А. Керім Бек,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Дәл қазір неге МҰҚТАЖСЫЗ? Жауабын өзіңіз таңдаған ТӨСЕК айтады


