Қайғылы оқиға 14 қарашада, Үндістанда Балаларды қорғау күні атап өтілетін күні болған.
Фото: ndtv.com
ERNUR.KZ. Үндістанның Махараштра штатында 12 жастағы мектеп оқушысы мұғалімнің жазасынан кейін көз жұмды. Ол сабаққа 10 минут кешіккені үшін 100 отырып-тұру жасаған, деп жазады stan.kz.
Қайғылы оқиға 14 қарашада, Үндістанда Балаларды қорғау күні атап өтілетін күні болған. Бұл күні мектептерде оқушыларға ерекше қамқорлық таныту дәстүрге айналған.
Алтыншы сынып оқушысы Каджал Гонд жазаны орындағаннан кейін-ақ беліне қатты ауырсыну кіргенін айтқан. Қыз үйіне қайтып келген соң жағдайы күрт нашарлай бастаған. Оны алдымен жергілікті ауруханаға, кейін Мумбайдағы арнайы клиникаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Каджалдың отбасының айтуынша, ол жаттығуды орындап жатқан кезде арқасында ауыр мектеп сөмкесі болған, бұл ауырсынуды одан сайын күшейткен.
Оқиға ата-аналар мен жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырды. Белсенділер кінәлілерге қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етті.


