Біреу 20 жасында ақылды, қариядай салмақты көрінсе, енді бірі 50-де де бала сияқты...
Сурет: ЖИ
Бәріміздің паспорттағы жасымыз бір басқа, жүрегіміздегі, миымыздағы жасымыз бір басқа болатыны жасырын емес. Біреу 20 жасында ақылды, қариядай салмақты көрінсе, енді бірі 50-де де бала сияқты желбуаз жүреді. Психология мен астрологияға сүйеніп жасалған бұл жұлдызжорамал ішіңізде бала ма әлде ересек жан өмір сүре ме – соны анықтауға тамаша мүмкіндік!
Тоқты – 13 жас
Бұл жастағы адамдардың ішінде қаншаға келсе де, «менің дегенім болсын» дейтін балаң максимализм мен шексіз энергия қайнап тұрады. Олар кез келген нәрсені бірден жасағысы келеді және шыдамсыздық танытады. Бәрін тастап, кенеттен дүкеннен ойыншық сатып алғысы немесе ешкімге айтпай велосипедпен қыдырып кеткісі келетін балаң импульс басым.
Торпақ – 62 жас
Қай жасында да нағыз байсалды, жайлылықты бәрінен жоғары қоятын жан. Көңіліне ең жақын нәрсе – үйде отырып теледидар көру, жаңалықтарды талқылау, бақшаның шөбін жұлу, диванда тынығу, ыстық шай ішу. «Қазіргі жастар» деп сын айтуды, заманауи гаджеттерге қарсылығын қартаймай-ақ, жас кезінен бастап жібереді.
Егіздер – 24 жас
25 – алдында бүкіл әлем ашық тұратын, «Кім боламын?» деп өмірден өзін белсенді іздейтін, қызық-сауыққа да бүйрегі бұрып тұратын жалынды жас. Ал гіздерде мұндай күй кішкентайынан басталып, қарттығында да басылып қалмайды. Жасы қаншаға келсе де, жұмыстан кейін достармен кездесуге, қызық көріп, көңіл көтеруге, жаңа нәрсені байқап көруге деген құлшыныс тасып тұрады.
Шаян – 42 жас
10 жасында да, 25-інде де 40-тан асқан адамдай, бала-шағасының қамын, болашағын, олардың отбасын құуын, т.с.с. ойлап бас қатырады. Жас та болса, нағыз отбасы мен тұрмыстың ортасында жүрген ересек адам рөлінде. Қартайғанда да сол қызметтің құлағын ешкімге ұстатпайды.
Арыстан – 20 жас
«Бүкіл әлем тек мен үшін» деп ойлайтын, сырт келбетіне, киетін киіміне ерекше мән беретін, амбициясы тау қопаратын албыр жастықтың күйі есі кіргеннен басталады. Есі шыққаша созылады. «Жасыма сай болайын» деген ой миына кіріп-шықпайды. Өйткені өзін қай кезңде де 20-дағыдай жас, сұлу, қуаттымен деп сезінеді.
Бикеш – 50 жас
Бәрін өз орнына қою, өмірді есеп-қисаппен сүру, қателіктен қатаң сақтану сияқты философия олардың ғұмырымен бірге басталады. Жас кезінде-ақ өмірдің барлық логикасын түсініп қойған тәжірибелі қарттай дана. Өзінен бірнеше онжылдық үлкен адамдардың қателіктерін көріп, «мен саған айттым ғой» деп ақыл айта алады.
Таразы – 30 жас
30 жас – ересек өмірдің қызығы мен шыжығын түсініп, мансап пен жеке өмірдің балансын табуға тырысып жүрген салмақты кезең. Таразылар өмірінің көп бөлігінде өзін осы кезеңде сезінеді.
Сарышаян – 16 жас
Түсінік-пайымы «Бүкіл әлем маған қарсы, ешкім мені түсінбейді» деген ойға толы, іші толған жұмбақ пен эго. Бірде ерекше бір жұмбақ кейіпке еніп, бәрінен оқшауланғысы келеді. Сәлден соң қараңғы бөлмеде мұңды әндер тыңдап, «Бұл өмірдің мәні неде?» деген терең ойларға бата салады. Біреу артық сұрақ қойса, іштей от шашып жіберуге дайын тұрады. Сарышаяндарда осындай 15-16 жасар жасөспірімнің өткінші эмоциясы жиі байқалады.
Мерген – 18 жас
Мектепті бітіріп, енді ғана еркіндікке шыққан, «Аз уақытта әлемді бағындырамын» деп жалындаған, жиі іші пысатын, күтпеген оқиғалар мен қызық, жаңа әсерлер іздейтін желбас кезең – Мергендердің мәңгілік күйі іспетті. Бүгін жұмыста немесе үйде отырып, аяқ астынан басқа қалаға қыдырып кетуді ойлап, санаулы секндтарда билет іздеп отырса таңғалмаңыз. Жоспарсыз әрекеттер стиліне сай. Тіпті ол сапарға шықпаса да, қалай жетуді, қайда баруды жоспарлап, билет құнын анықтап бір-ақ тоқтайды.
Тауешкі – 45 жас
Өмірді де, жұмысты да ретке келтірген, есеп-қисабы түзу, бастықтар сыйлайтын, «Бәрін өз бақылауымда ұстаймын» дейтін адам. Демалыс күні болса да, жұмыс туралы ойлап жүреді. «Егер мына шаруаны қазір жасамасам, ертең бәрі құриды» деген қағидамен өмір сүреді. Оқушы кезінен сондай болған, жастық шағында да сол қалпын сақтайды. 30, 40, 50, тіпті қартайған 70-80-інде де.
Суқұйғыш – 20 жас
Суқұйғыштардың күнтізбедегі цифрларға бағынбайын ішкі жасы – 20. Қай жаста да өзін жиырмадағыдай жалынды сезінеді. Бұл – стандартпен жүргісі келмейтін, бәрін басқаша көргісі келетін, басына түрлі стартап пен тосын идеялар келіп, «әлемді бір түнде өзгертіп жіберсем ғой» дейтін шақ.
Балықтар – 12 жас
Ал Балықтардың жан дүниесінде қай жаста да 12 жасар баланың нәзіктігі мен қиялы сақталады. Олар бәрін ертегідей қабылдайды, қиялда өмір сүреді. Айналадағы дөрекілік пен суықтықты жүрегіне жақын алып, тез мұңаяды, лезде жараланады.
Егер сіздің «жүрек жасыңыз» паспортыңыздағы санға сәйкес келмесе, еш алаңдамаңыз. Демек, сіз өмірді әлі де қызықты әрі әр қырынан қабылдай білетін жансыз.
Аударған: Х. ОРАЛ,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


