Биылғы әндер келесі жылы "Евровидениеде" ұсыныла алмайды
ERNUR.KZ. "Евровидение" халықаралық ән байқауы 2021 жылы Роттердамда өтетін болды. Бұл туралы халықаралық шараны ұйымдастырушылар мәлімдеді, деп жазады Nur.kz.
"Еуропалық хабар тарату одағы және Нидерландыдағы байқауды ұйымдастырушылар 2021 жылы "Евровидениені" Роттердамда өткізу туралы шешім қабылдағандарын қуана хабарлайды",– делінген байқау ұйымдастырушылары таратқан хабарламада.
"Евровидение" ұйымдастырушылары бүкіл әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылы байқауды тоқтатуға шешім қабылдады.
Көршілес Ресей елінен "Евровидение" байқауында Little Big тобы Uno әнімен қатысуы керек болатын.
Ережеге сәйкес, биылғы әндер келесі жылы "Евровидениеде" ұсыныла алмайды, әр елдің әртістерін таңдау хабар таратушылардың мойынында.
Толыққанды сайыс өткізудің орнына ұйымдастырушылар әртүрлі елдердің әртістерімен бірге музыкалық шоу өткізуді ұйғарған.