"2028 жылы түрмеге отырады": Трампқа бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

0
486


ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп келесі сайлауда Демократиялық партиядан үміткер жеңіске жеткен жағдайда түрмеге жабылуы мүмкін, деп жазады Stan.kz.


Мемлекет басшысының бұрынғы кеңесшісі Стив Бэннонның пікірінше, республикашылдар қарашадағы сайлау нәтижесіне жеңіске жеткенімен, партия соғыс жағдайында тұр. Бэннон 2028 жылы демократтар жеңіске жетсе, Трамп түрмеге жабылуы мүмкін деп санайды.

“Демократтар президент Трампты тоқтату үшін ештеңе жасамайды. Оған импичмент жариялау үшін кез келген әдісті қолданады деп сенсек, өзімізді алдағанымыз", – деді Бэннон.


Ол Трамптың қандай айыптар бойынша түрмеге жабылуы мүмкін екенін нақтыламады. Бірақ демократтар келесі жылы Өкілдер палатасын қайта алатын болса, Трампты қызметінен кетіруге тырысатынын ескертті.