Кейін полиция сталкинг дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстаған.
Фото: Алматы полиция департаменті
ERNUR.KZ. Алматыда 35 жастағы әйелді ұзақ уақыт бойы аңдып, қайта-қайта хабарласып, күш қолданатынын айтып қорқытқан 52 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады Stan.kz.
Алатау ауданының полициясына 35 жастағы әйел арызданған. Оның сөзінше, өзін жақсы танымайтын ер адам ұзақ уақыт бойы тыныштық бермей, жүйелі түрде хабарласып, күш қолданатынын айтып қорқытқан әрі қалаусыз байланысын тоқтатпаған. Қайта-қайта қоңырау шалу, балағаттау, күш қолданамын деп қорқыту және соңынан қалмай аңдыған.
Кейін полиция сталкинг дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстаған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әйел өз сөзін растау үшін WhatsApp желісіндегі хат алмасулар мен телефон арқылы сөйлескен аудиожазбаларды ұсынған.
Полицейлер 52 жастағы ер адамды анықтап, бөлімшеге жеткізген. Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.


