Жарысты матрас өндіруші компания ұйымдастырған.
Фото: Shutterstock
ERNUR.KZ. Қытайдың Баотоу қаласында 23 жастағы тұрғын 33 сағат 35 минут бойы матрастың үстінде жатып, дым істемеуден жарыста жеңімпаз атанды, деп жазады stan.kz.
Жарысты матрас өндіруші компания ұйымдастырған. Қатысушыларға тек бір талап қойылды – барынша ұзақ жатып шығу. Қимылдауға, телефон пайдалануға, кітап оқуға, тіпті тамақты жату күйінде жеп-ішеуге рұқсат берілді. Алайда матрастан тұруға немесе отыруға қатаң тыйым салынды. Тіпті дәретханаға баруға да болмайтындықтан, кейбіреулер жарысқа жөргекпен келген.
Бағын сынауға 240 адам ниет білдіргенімен, көпшілігі ұзақ уақыт жата алмады. Тәуліктің соңына қарай 186 қатысушы шыдас бермей, матрастан тұрған. 33 сағат 9 минут артта қалғанда үш адам – екі ер адам мен бір қыз ғана жарысты жалғастырды. Ұйымдастырушылар финалистердің беріктігін тексеру үшін оларға бір мезгілде қол-аяғын көтеруді тапсырды. Қиын тапсырмадан кейін 24 минуттан соң жалғыз үміткер қалды.
Жүлде қоры үш жеңімпазға үлестіріледі:
- Бірінші орын – 3 000 юань (219 мың теңге);
- Екінші орын — 2 000 юань (146 мың теңге);
- Үшінші орын — 1 000 юань (73 мың теңге).
Финалдағы жеңімпаз жүлдені достарымен бірге мейрамханада кешкі асқа жұмсамақ.
Айта кетейік, 2024 жылы Гонконгте өткен осындай дым істемеуден турнирге 70-тен аса адам қатысқан. Онда қатысушыларға 90 минут бойы қозғалыссыз отыру міндеттелді. Артық қимыл немесе жүрек соғуының жиілеуі жарыстан шығаруға себеп болған.


