24 қараша - Дүниежүзілік сатып алудан бас тарту күні

0
757

Жыл сайын қарашаның соңында әлемнің көптеген мемлекеттерінде бір күн бойына кез келген тауарды сатып алудан бас тартады.


24 қараша - Дүниежүзілік сатып алудан бас тарту күні

ERNUR.KZ. Сатып алудан бас тарту күні – асыра тұтынушылыққа қарсы халықаралық наразылық күні. Солтүстік Америкада бұл "рождество сатылымы" немесе "қара жұма" басталған күні Алғыс айту күнінен кейінгі жұмада атап өтіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Алғаш рет "сатып алудан бас тарту күні" Канадада 1992 жылдың қыркүйегінде өтті. Бұл шара дамыған елдерде шамадан тыс тұтынуға, сондай-ақ, әлемдегі материалдық игіліктердің теңдей бөлінбеуіне наразылық ретінде өткізілді.

Бұл күні театрландырылған шерулер мен қойылымдар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жарнамаға қарсы роликтер таратылып, жарнамаға қарсы хабарландырулар жарияланады.