Оқиға 2 қазанда Бөкейхан көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.
Фотоколлаж: ЖИ
ERNUR.KZ. Астанада көпқабатты тұрғын үйдің жерасты автотұрағында жұмыс істеп жүрген қызметкерді көлік қағып кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға 2 қазанда Бөкейхан көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.
«2 қазанда «ROX» маркалы автокөліктің жүргізушісі Бөкейхан көшесіндегі жерасты автотұрағына кіріп бара жатып, ішке кіргеннен кейін солға бұрылған кезде автотұрақ аумағында жұмыс істеп жүрген жаяу жүргіншіні байқамай, оны қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда алған жарақаттарының салдарынан кейін ауруханада көз жұмды», – деп түсіндірді Астана қалалық Полиция департаменті біздің агенттікке берген ақпаратында.
Қазір автокөлік коммуналдық тұраққа қойылған. Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.


