3300 жылы ақырзаман орнайды дейді «болашақтан келген қонақ»

0
3 051

​Ол 3300 жылы адамзат баласы «суперкомпьютер» басқаратын саналы роботтар әскерімен соғысатын болады, - деп жазады ERNUR.KZ тілшісі Reactor.inform.kz сайтына сілтеме жасап.​


3300 жылы ақырзаман орнайды дейді «болашақтан келген қонақ»

Ол 3300 жылы адамзат баласы «суперкомпьютер» басқаратын саналы роботтар әскерімен соғысатын болады, - деп жазады ERNUR.KZ тілшісі Reactor.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, адамдарға бұл соғыста басқа галактикадан келген өзге ғаламшарлықтар көмектеседі. «Болашаққа саяхатшы» сонымен қатар алдағы уақытта өсімдіктер мен жануарлардың саны азаятынын мәлімдеді.

Францияда пайда болған «болашақтан келген қонақ» Жер шары тұрғындарына видео-үндеу жазып таратқан. The Mirror басылымының хабарлауынша, ол өзін еуропалық империяда 3258 жылғы 1 желтоқсанда дүниеге келгеніне сенімді.
«Болашақтан келген қонақ» өзінің саяхатының ең соңында жер бетінде бүкіл технологиядан айырылған 250-ге тарта адам қалатынын көргенін және ол адамзат баласын ғаламат қауіптен құтқару үшін оралғанын айтады.