Ара салынған жәшіктерді тасымалдау кезінде оларға байланған жіп шешіліп, көліктен сырғып түскен.
ERNUR.KZ. 30 тамыз күні таңертең Канадада бес миллион ара жүк көлігінен құлап кетті, деп жазады stan.kz.
Ара салынған жәшіктерді тасымалдау кезінде оларға байланған жіп шешіліп, көліктен сырғып түскен. Омарташы Майкл Барбер, жүргізушілерге терезелерін ашық ұстауды, ал жаяу жүргіншілерге ара жәшігі құлаған аймақтан аулақ жүруді бұйырды.
Ал полиция халықты Торонтодан оңтүстікке қарай бір сағаттық жерде орналасқан аумаққа жоламауға шақырды.
Барбердің айтуынша, аралар қауіпсіз жер іздеп жақын маңдағы көліктер мен пошта бекеттеріне жиналған.
"Жүк көлігімнің алдында мың ара болды. Қуантарлығы бірнеше сағаттан кейін олар өз ұяларын іздеп тапты. Тіпті олар кей омарташыларды шағып алды. Жүк көлігінің жүргізушісін 100 рет шақты. Өйткені ол омарташының арнайы киімін кимеген еді", - деді ол.
Омарташы Майкл Барбер, жәндіктер мен халықтың қауіпсіздігін сақтау үшін жұмыс істеген жергілікті омарташыларға ризашылығын білдірді.
"Біз бұл оқиғадан сабақ алдық. Барлығы аман қалды, бірақ арасында зардап шеккен аралар да бар", - деді ол.