73 жастағы суретшіні тірідей жерледі

0
2 909

Австралиялық суретші 3 күн бойы болат контейнерге тірідей жерленген.


73 жастағы суретшіні тірідей жерледі

ERNUR.KZ. Австралиялық суретші тірідей жерленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Австралиялық суретші 3 күн бойы болат контейнерге тірідей жерленген.

73 жастағы Майк Паррдың бұл әрекетін көру үшін мыңнан астам адам жиналған. Ол осылайша отаршылдардың Австралияның байырғы тұрғындары, яғни аборигендерге жасаған зорлық-зомбылығына қоғамның назарын аудармақ болған. Бұдан оның денсаулығына зиян келді ме, жоқ па белгісіз.

Болат контейнер оттегімен толтырылып, суретшіге су, кітап, дәптер мен қалам берілген. Бірақ ол мүлде нәр татпаған.