77 адамды өлтірген террорист мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұрады

0
623

Сот оны 21 жылға бас бостандығынан айырған.


77 адамды өлтірген террорист мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұрады

ERNUR.KZ. 77 адамды өлтірген норвегиялық террорист Андерс Брейвик мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.

VG газетінің мәліметінше, Андерс Брейвик құқының бұзылуына байланысты сотқа шағым түсірмек.

"Андерс Беринг Брейвик мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды сұрады. Сондай-ақ, ол құқының бұзылуына байланысты мемлекетке қарсы шағым түсіруды жоспарлап отыр. Оның атынан (Брейвик) мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бердім", - дейді адвокат Ойстен Стуррвик.

Оның айтуынша, Андерс Брейвик 21 жылдың 8 жылын түрмеде өткізген. Қазір оның мұндай өтініш беруге құқы бар екен. Адвокат мерзімінен бұрын шартты түрде босату өтінішіне екі есімді жазғанын айтты: Андерс Беринг Брейвик пен Фритьоф Хансен-Брейвик. Соңғы есімді сотталушы түрмеде отығанда алыпты.

Адвокат Брейвик жалғыз өзі камерада жазасын өтеп жатқанын жеткізді. Террористің пікірінше, бұл адам құқығын бұзу болып саналады екен.

Еске салайық, 2011 жылдың 22 шілдесінде Брейвик Ослода 8 адамды және Утейа аралындағы жастар лагерінде 69 адамды өлтірген. Сот оны 21 жылға бас бостандығынан айырған.