Ең кішкентайы 8 айлық болған, ал үлкені сегіз жаста.
Фото: Известия
ERNUR.KZ. Абхазия республикасының Гала ауданындағы жеке үйден өрт шығып, бір үйдің бес баласы көз жұмды. 6 қаңтар қаралы күн болып жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.
Sputnik Абхазия басылымының жазуынша, қыздардың анасы ауруханада жатқан, ал әкесі оның жағдайын сұрауға кеткен. Үйде балалармен бірге әжесі отырған. Ол пеш жағамын деп керосинді бензинмен шатастырып алған. Әйел аман қалды.
ТЖМ басшысының м.а. Лев Квицинийдің сөзінше, қаза тапқандар туған әпкелі-сіңлілер. Олардың ең кішкентайы сегіз айлық болса, үлкені сегіз жаста еді.
Қазір оқиға орнында ТЖМ аудандық бөлімшесінің құтқарушылары жұмыс істеп жатыр.