Польша тарихшысы және саясаттанушысы Ежи Таргальскимен жүріп жатқан сұхбат кезінде оның Лисио атты мысығы күтпеген жерден кадрға кіріп кетті.
ERNUR.KZ. Польша тарихшысы және саясаттанушысы Ежи Таргальскимен жүріп жатқан сұхбат кезінде қызық оқиға болды. Оның Лисио атты мысығы күтпеген жерден кадрға кіріп кетті, басына шығып кетті, деп жазады Sputniknews.kz.
Сұхбатты голландтық NTR телекомпаниясы түсіріп жатқан. Таргальский Польшадағы саяси күрделі жағдайды айтып жатқан кезде иесінің иығына оның мысығы шығып алады. Тарихшы күліп жібермей, сұхбатын жалғастырады. Бірақ бетін сипаған сары мысығының құйрығын бірнеше рет алып тастауға тура келген.