Африкада өршіген маймыл шешегі вирусы Филиппин аралдарына жетті

0
331

Конго Демократиялық Республикасында бұл вирустан қайтыс болғандар саны 548-ге жетті.


Африкада өршіген маймыл шешегі вирусы Филиппин аралдарына жетті

ERNUR.KZ. Африкада өршіген маймыл шешегі вирусы Филиппин аралдарына жетті. 33 жастағы азамат шетелге шықпаса да науқастанып отыр, деп жазады zakon.kz.

Конго Демократиялық Республикасында бұл вирустан қайтыс болғандар саны 548-ге жетті.

Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ал Конгода 2023 жылдан осы инфекциядан мыңнан астам тұрғын көз жұмған.

Бұған қоса маймыл шешегі алғаш рет Пәкістанда тіркелді. Бүгінге дейін бұл індет "Қара құрлықтың" 12 мемлекетінде анықталды.

Осы ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялады.

Дегенмен Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, әзірге әлем мемлекеттері арасында шекараларды жабуға еш негіз жоқ.

"Халықаралық денсаулық сақтау ережелерін ескерсек, бүгінше шекараларды жабудың қажеті жоқ. Індеттер мұндай шешімге қарамайды. Себебі адамдар заңды немесе заңсыз түрде өзге елдерге бәрібір баруы мүмкін. Яғни шекарадағы шектеулер аурудың тарауын тоқтата алмайды дегім келеді."Бронвин Никол, Халықаралық қызыл крест ұйымының өкілі