Бір бала қаза тапты.
ERNUR.KZ. Германияда жаңбырдан ағаштың астына тығылған бүтін бір отбасының басына найзағай түсті. Бір бала қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға бір апта бұрын төменгі Саксониядағы қалалық саябақта болған. Жауыннан тығылып, ағаштың астына жиналған 8 адамды найзағай соққан. Олардың бәрі бір отбасының мүшелері екен.
Ауруханаға жеткізілген, ауыр халдегі отбасы мүшесінің бірі – 14 жастағы қыз бала ауруханада көз жұмды. Оның 5 жастағы інісі де ауыр халде, деп хабарлады жергілікті дәрігерлер.
«Найзағай соққанда, отбасы биіктігі шамамен 20 метр емен ағашының астына тығылған. Өкінішке қарай, найзағай дәл осы ағашқа тиген», - деп жазды германиялық басылым.
Отбасының сегіз мүшесінің алтауы, оның ішінде анасы мен әкесі медициналық көмек алып, үйлеріне оралды.