Әйелдерге кез келген бассейнде төстартқышсыз түсуге рұқсат етілді

0
1 142

Алайда, қалалық бассейн қызметкерлері мұндай әрекетке тыйым салды.


Әйелдерге кез келген бассейнде төстартқышсыз түсуге рұқсат етілді

ERNUR.KZ. Барселонаның қалалық кеңесшілері әйелдерге бассейнде төстартқышсыз түсуге рұқсат ететіндерін мәлімдеді. Өйткені ер адамдар жоғары жағына ештеңе киместен шомылып жүреді. Сондықтан да әйел мен еркектің құқығы тең болуы керек, деп жазады Stan.kz.

Алайда, қалалық бассейн қызметкерлері әйелдердің төсқапсыз суға түсуіне тыйым салды. Бұл өз кезегінде қабылданған «киімдегі теңдік» туралы заңға қайшы келеді. Ол жерде азаматтардың, атап айтқанда әйелдердің, киіміне ешқандай талап қоя алмайды. Барлық қалалық бассейндердің өз ережелері бар екені белгілі болды. Бір жерде күнге қыздырыну аймақтарында ғана төсқапсыз суға түсуге рұқсат етілсе, келесі төбесі ашық бассейнде әйелдер төсқапсыз жүре алады екен. Ал жабық жерде – жалаңаш суға түсуге тыйым салынған.

Барселона мэрінің орынбасары Джанет Санс баспасөзге берген түсініктемеде бассейнде төсқапсыз жүруге тыйым салынғаны туралы заңда алынып тасталғанын айтты.