Әйелінің анасын баспалдақтан итеріп өлтірген ер адам сот алдында жауап береді

0
94

Ер адам сол кезде мас күйде болған.


Әйелінің анасын баспалдақтан итеріп өлтірген ер адам сот алдында жауап береді

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Ресейдің Қазан қаласында 45 жастағы ер адам мас күйінде жанжал шығарып, бірге тұратын әйелін ұрып-соққан. Кейін оның 75 жастағы анасын да соққыға жығып, баспалдақтан итеріп жіберген. Салдарынан зейнеткер әйел ауыр жарақат алып, көз жұмды, деп жазады zakon.kz.

Ресей Тергеу комитетінің Татарстан Республикасы бойынша басқармасының мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 10 тамызда Айдаров көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Ер адам сол кезде мас күйде болған.

Жанжал кезінде ол 53 жастағы бірге тұратын әйелін ұрып-соғып, кейін оның 75 жастағы анасына күш қолданған. Сондай-ақ әйелді баспалдақтан итеріп жіберген. Алған жарақатынан зейнеткер көз жұмды.

45 жастағы Қазан тұрғынына абайсызда адам өліміне себеп болу және денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеу барысында жеткілікті дәлелдер жиналды. Осыған байланысты айыптау қорытындысы бекітілген қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", – делінген хабарламада.