Әкім 58 адамның өліміне кінәлі деп танылды

0
781

Ол енді өмір бойы бас бостандығынан айырылуы немесе 40 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.


Әкім 58 адамның өліміне кінәлі деп танылды

ERNUR.KZ. Филиппин соты Магинданао провинциясының ықпалды кланының мүшесі Андаль Ампатуанды 2009 жылғы болған жаппай төбелес кезіндегі 58 адамның өліміне кінәлі деп таныды, деп хабарлайды ktk.kz.

Андаль Ампатуан Дату Унсай қаласының әкімі болған. Ол қаруланған топпен бірге 58 адамды өлтірген. Топ құрамында оның туысқандары болған. Ол енді өмір бойы бас бостандығынан айырылуы немесе 40 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.

2009 жылдың қарашасында қаруланған 100 адам бақталас кланның адамдары мінген бес көлікті тоқтатып, 24 адамды сол жерде атып, қалғандарын алдын ала дайындаған жерге апарып, өлтірген.