«Оскарды» 93-інші рет салтанатты тапсыру рәсімі 2021 жылы қыста болады.
ERNUR.KZ. АҚШ киноакадемиясы 2021 жылдан бастап үздік фильм үшін берілетін «Оскар» сыйлығына номинанттар санын өзгертті. Енді тізімде қазіргі кездегі бестен онға дейін емес, тек он фильм болады, деп жазады ҚазАқпарат.
«2022 жылы «Оскардың» үздік фильм үшін берілетін 94-інші сыйлығын тапсыру салтанатынан бастап категориясы жыл сайын өзгермейді, тек он номинанттан тұратын болады», - делінген хабарламада.
Бірақ мұның биылғы жылғы кино сыйлығына үміткерлерді ұсынуға қатысы жоқтығы атап өтілген.
Еске сала кетсек, «Оскарды» 93-інші рет салтанатты тапсыру рәсімі 2021 жылы қыста болады.