Әлем бірнеше айда пандемияны бақылауға ала алады - ДДҰ

0
619

Гебреисус қажетті ресурстарды әділ бөлген жағдайда COVID-19 пандемиясын болдырмауға болады деп мәлімдеді.


Әлем бірнеше айда пандемияны бақылауға ала алады - ДДҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус СOVID-19 пандемиясын алдағы айларда бақылауға алуға болады деп санайтынын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Гебреисус қажетті ресурстарды әділ бөлген жағдайда COVID-19 пандемиясын болдырмауға болады деп мәлімдеді.

"Егер біз құралдарды дәйекті және әділ қолдансақ, бірнеше ай бойы пандемияны бақылауға ала аламыз", - деді ол.

ДДҰ басшысы COVID-19 бүкіл әлемде 25 пен 59 жас аралығындағы адамдар арасында таралып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, ол соңғы аптада әлемде COVID-19 жұқтырған 5,2 миллион жаңа жағдай тіркелгенін айтты.

Ол вакцина өндірген елдерді технологиясымен бөлісуге, ал табысы төмен және орташа елдердегі өндіріске қызығушылық танытуға шақырды.

Бұған дейін ДДҰ басшысы әлемдегі COVID-19-дың таралу жылдамдығы туралы айтқан болатын.