Біріккен Ұлттар Ұйымының есебіне сәйкес, былтыр 134 елде мемлекеттік қарыз деңгейі артқан.
ERNUR.KZ. Бір тұрғынға шаққандағы ең жоғары мемлекеттік қарыз 2024 жылы Сингапур мен АҚШ-та тіркелді, деп жазады baq.kz.
БҰҰ таратқан мәліметті негізгі алсақ, бұл елдерде ерікті қарыз көлемі 100 мың доллардан асып, жаһандық қаржы жүйесінің тұрақтылығы туралы алаңдаушылықты күшейтті.
Қарыз алушылар көшін Сингапур бастады
Біріккен Ұлттар Ұйымының есебіне сәйкес, былтыр 134 елде мемлекеттік қарыз деңгейі артқан. Сондай-ақ тек 48 мемлекетте ғана төмендеу байқалған.
Сингапурдың бір тұрғынына шаққандағы қарызы 2024 жылы 10,5 мың долларға артып, жалпы сомасы 158 мың долларды құрады. Бұл – жаһандық рейтингтегі ең жоғары көрсеткіш.
АҚШ алғаш рет 100 мың долларлық межеден асты
Әлемдік экономиканың алыптарының бірі саналатын АҚШ-та да бір адамға шаққандағы мемлекеттік қарыз алғаш рет 100 мың доллардан асып түсті.
Жылдық өсім – 5,8 мың доллар, ал жалпы қарыз көлемі – 103,7 мың доллар.
Қарызы азайған жалғыз алпауыт – Жапония
Үштікке енген Жапония – жалғыз оң көрсеткішке ие мемлекет. Мұнда әр тұрғынға шаққандағы қарыз 4,3 мың долларға қысқарып, 76,9 мың долларды құрады. Бұл – тұрақтандыру мен қарызды басқарудағы тиімді қадамдардың нәтижесі ретінде бағаланады.
Қарызын азайтқан тағы бір ел – Исландия
Топ-10 ел ішінде мемлекеттік қарызын төмендете алған екінші мемлекет – Исландия. Мұнда бір тұрғынға шаққан қарыз 511 долларға қысқарып, 51,5 мың долларды құрады.
АҚШ-та салық төмендеді, бірақ қарыз тағы өсуі мүмкін
2025 жылдың 4 шілдесінде, АҚШ президенті Дональд Трамп жеке өзі "үлкен әрі керемет" деп атаған салықты қысқарту жөніндегі заң жобасына қол қойды. Алайда осы заңның аясында АҚШ-тың қарыз шегін тағы 4 трлн долларға арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл – қаржы саясатының қысқа мерзімді жеңілдеуі ұзақ мерзімді тәуекелмен қатар жүретінін көрсетеді.
Мемлекеттік қарыздың жоғары болуы елдің экономикалық әлеуетін де, тәуекел деңгейін де қатар көрсетеді. Сарапшылар мұндай деректерді жаһандық инвестиция, рейтинг агенттіктері мен валюта тұрақтылығы тұрғысынан бағалайды.