Ақмола облысында балықшы суға батып кетті

0
208

Іздестіру жұмыстары барысында жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылды.


Ақмола облысында балықшы суға батып кетті

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулауға кеткен ер адамның денесі табылды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 13 қазанда Никольское ауылының маңындағы Жарлыкөл көлінде болған. Құтқарушыларға 1958 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Ер адам балық аулап жүрген. Іздестіру жұмыстары барысында жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылды. Бүгін таңертең ер адамның денесі табылып, судан шығарылды", – деп хабарлады құтқарушылар.
Алдын ала мәлімет бойынша балықшы суға батып кеткен.
Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жергілікті тұрғындар қатысты.