Әлемнің 45 елінде жүрген сириялық босқының саны 7 млн-ға жуық

0
1 193

Өткен жылы 194 мың сириялық отанына оралған.


Әлемнің 45 елінде жүрген сириялық босқының саны  7 млн-ға жуық

ERNUR.KZ. Сирияға соңғы бірнеше күнде Ливан мен Иорданиядан 1 мың 200-ден астам босқын оралды. Бұл туралы Ресейдің соғысушы тараптарды татуластыру және босқындарды қадағалау орталығы хабарлады, деп жазады 24.kz.

Олардың арасында әйелдер мен балалар көп. Осы ретте үкімет қазір басты міндеттердің бірі инфрақұрылымды қалпына келтіру және адамдарды жұмыс орынымен қамтамасыз ету екенін айтады. Ал БҰҰ дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда әлемнің 45 елінде 6 миллион 700 мың сириялық босқын бар екен. Ал өткен жылы 194 мың сириялық отанына оралған. Халықаралық ұйым өкілдері, Сирияның солтүстік-шығысындағы босқындар лагеріндегі балалардың жағдайына да алаңдаушылық білдіріп отыр.