Әлеуметтік желіде құпия хабарламаны қалай жіберу керек – маман кеңесі

0
1 379

​Маман әлеуметтік желі мен мессенджерлерде жеке және құпия ақпарат жүз пайыз қорғалмайтынын ұмытпау керектігін ескертті.


Әлеуметтік желіде құпия хабарламаны қалай жіберу керек – маман кеңесі

ERNUR.KZ. Instagram және WhatsApp, Telegram желілерінде хабарламаны ашқаннан хат кейін жоғалып кететін функция бар. Ресейлік цифрлық сараптама орталығының жоба менеджері Сергей Бодров "Прайм" агенттігіне осы әдіспен фотоны қалай жіберуге болатынын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"WhatsApp-та қазір функцияны іске қосқан кезде, жіберілген хабарламалар жеті күннен кейін жоғалып кетеді. Ал жеке чаттарда адам ол функцияны қосып немесе өшіріп қоя алады, ал топтық чаттарда оны тек топты ашқан адам ғана жасай алады", - дейді сарапшы.

Ал Instagram желісінде хатты жолдаған адам чатты жапқаннан кейін хабарламалар жоқ болып кетеді. Ал Telegram-да белгілі бір пайдаланушымен құпия чат құруға болады. Мұндай жағдайда 30 секундтан бір аптаға дейін өздігінен өшу функциясын қосып қоюға мүмкіндік бар.

Алайда маман мұндай чаттарда жеке және құпия ақпарат 100% қорғалмайтынын ұмытпауға шақырды. Себебі хабарламаны оқып отырған адам экраннан бірден скриншот жасап, сақтап ала алады. Кей чатта бір адамның скриншот жасағаны туралы ақпарат барлық қатысушыға көрінеді, алайда экран бетін видеоға түсіру арқылы оны да айналып өтуге болады.

Бодров желі арқылы сөйлескен кезде қауіпсіз деген ойдан аулақ болуға, сондай-ақ кейін өкініп қалатын ақпарат пен фотоны жібермеуге кеңес берді. Құпия чаттың өзі кей ақпараттың құпия мәнін сақтауға көмектеспейді.