Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист көз жұмды

0
117

Құтқарушылар марқұмдардың денесін эвакуациялады.


Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист көз жұмды

Фото: explorersweb.com

ERNUR.KZ. Альпі тауларында үш күн ішінде 10 альпинист көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz

Италияда Альпі тауларындағы Гран-Парадизо шыңында 3 альпинист көз жұмды. Олардың денелері шамамен 3600 метр биіктіктен табылған. Алдын ала мәліметке сәйкес, альпинистер тайып құлап, таудың солтүстік беткейінде қаза тапқан.

Бір тәуліктен кейін Монблан тау жотасында тағы 3 адам мерт болды. Олардың екеуі Монбланның Франция аумағындағы бөлігінде көз жұмған. Үшінші альпинистің денесі сенбі күні Италия жағындағы Бренва мұздығының маңынан табылды.

Сол күні Швейцариядағы Маттерхорн тауында француз альпинисі қаза тапты. Қайғылы оқиға Тиндаль шыңында тіркелді. Швейцарияның құтқару қызметі марқұмның денесін эвакуациялады.

Сенбі күні Миттенвальд маңындағы Карвендель тауларында тағы бір альпинист көз жұмды. 22 жастағы Мюнхен тұрғыны шамамен 130 метр биіктіктен құлап кеткен. Ол өзінің серігімен бірге Карвендель жотасындағы Шёттельтурм шыңына көтеріліп бара жатқан. Екеуі бір арқанмен өрмелеген.

Жексенбі күні түске қарай құтқару қызметтері тоғызыншы және оныншы өлім жағдайларын тіркеді. Италияның Виченца және Тренто провинцияларының шекарасында орналасқан Пасубио тауында 25 жастағы әйел мен 26 жастағы ер адам қаза тапты. Олар күрделі жартасты учаскеде шамамен 100 метр биіктіктен құлап кеткен.