Табиғи апат елдің 11 аймағын шарпыды.
ERNUR.KZ. Алжирде орман өртінен қаза тапқандар саны 34-ке жетті. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Табиғи апат елдің 11 аймағын шарпыды. Бұған дейін 10 әскери қызметкерді қосқанда, 25 адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Ведомство өрт ошақтарын жоюға авиация күші қолданылатынын айтты. Алжирдің солтүстігінде өршіп тұрған дала өрттерімен күресу 48 градустан асатын аптап ыстыққа байланысты қиындап тұр. Алжир билігі ел аумағында қауіптің ең жоғары деңгейін жариялады.