Кездесу боксшылардың 6 қараша Лас-Вегастағы жекпе-жегіне арналған еді.
ERNUR.KZ. WBA, WBC және WBO чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 КО) баспасөз мәслихаты кезінде IBF титулына ие америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) төбелесіп қалды, деп жазады Vesti.kz.
Бұл жиын боксшылардың 6 қараша Лас-Вегастағы жекпе-жегіне арналған еді.
Еске салайық, бұл айқастың жеңімпазы суперорта салмақта абсолют чемпион атанды.
Жиындағы көзарбасу кезінде "Канело" сөзге келіп қалып, америкалықты кеудесінен итеріп жіберді, ал Плант мексикалықты бетінен ұруға тырысты, осылайша, төбелес басталып кетті. Алайда оларды бірден ажыратып алды.
"Анам туралы сөйлеме",- деп жазыпты Альварес "твиттерде" жанжал видеосын жариялап.