Араб елдері Сириядағы химиялық шабуылды тексеруге шақырды

0
2 211

Саммит АҚШ және одақтастары Ұлыбритания мен Франция 7 сәуірде Дума қаласында ықтимал химиялық қару қолданылғанына жауап ретінде Сирияда үш нысанға зымыранмен соққы берген күннің ертеңінде басталды.


Араб елдері Сириядағы химиялық шабуылды тексеруге шақырды

Араб лигасы елдері сыртқы істер министрлерінің жиыны (Көрнекі сурет).

Араб лигасы елдері Сирияда химиялық қару қолданылғанына халықаралық тексеру жүргізуге шақырып, Иранның "араб елдерінің ішкі ісіне килігуін" айыптады. Лига бұл туралы 15 сәуірде Сауд Арабиясында басталған саммитінде мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды azattyq.org.

Саммит АҚШ және одақтастары Ұлыбритания мен Франция 7 сәуірде Дума қаласында ықтимал химиялық қару қолданылғанына жауап ретінде Сирияда үш нысанға зымыранмен соққы берген күннің ертеңінде басталды.

"Біз тәуелсіз халықаралық тексеру жүргізілуін және химиялық шабуыл жасағаны дәлелденген кез-келген тарапқа қатысты халықаралық құқық нормаларының қолданылғанын талап етеміз" делінген саммитте қабылданған мәлімдемеде. Араб лигасы елдері сонымен қатар Иранға қарсы жаңа халықаралық санкциялар салуға және Иранды Сирия мен Йеменнен "жалдамалы әскерін" шығаруға шақырады.