Арменияда депутаттар арасында болған төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
137

29 қазанда Армения Ұлттық жиналысының (парламент — авт.) мәжіліс залында оппозиция және билік партиялары депутаттарының арасында төбелес болды.


Арменияда депутаттар арасында болған төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: armenpress.am

ERNUR.KZ. Арменияның Бас прокуратурасы парламент депутаттары арасында болған жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады inform.kz.

«News.am» агенттігінің хабарлауынша, аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Адамдар тобымен жасаған бұзақылық) және 452-бабының 3-бөлігі (Лауазымды тұлғаның заңды саяси қызметіне араласу мақсатында күш қолдану) бойынша іс қозғалған.

Еске салайық, 29 қазанда Армения Ұлттық жиналысының (парламент — авт.) мәжіліс залында оппозиция және билік партиялары депутаттарының арасында төбелес болды. Жанжал «Азаматтық келісім» билік партиясының депутаты Тарон Чахоянның баяндамасы кезінде басталған, яғни, оның мінберден оппозициялық «Күшті Армения» фракциясының өкілдеріне қатысты айтқан сөздері Нарек Карапетянның наразылығын тудырды. Осыдан кейін депутаттар сөз таластырып, оның соңы төбелеске ұласты.