Ауғанстанда министрдің үйіне шабуыл жасалып, 8 адам қаза тапты

0
414

​Ведомство басшысы зардап шекпеді.


Ауғанстанда министрдің үйіне шабуыл жасалып, 8 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ауғанстанның Қорғаныс министрінің үйіне жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны 8-ге жетті, деп жазады Inbusiness.kz.

«8 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 20 адам жарақат алды. Олардың қатарында Мохаммадидің күзетшілері бар», – деп жазылған ресми хабарламада.

Бұған дейін 4 адамның ажал құшқаны жарияланған еді.

Ресми дерек бойынша, қару асынған топ алдымен Қорғаныс министрі генерал Бисмилла хан Мохаммадидің үйінің жанында көлікті жарып жіберген, содан кейін олар үйге баса-көктеп кірген. Шабуыл шамамен бес сағатқа созылды. Тәртіп сақшылары қастандық жасаған бес лаңкесті жер жастандырған. Мохаммади мен оның отбасының мүшелері дін аман.