Ауғанстанда нөсер жауын салдарынан 40 адам қаза тапты

0
634

Нангархар провинциясында 400-ге жуық үй қирады.


Ауғанстанда нөсер жауын салдарынан 40 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ауғанстанның шығысында жауған нөсер жауын салдарынан 40 адам қаза тауып, 350-ге жуық адам жарақат алды, деп жазады inform.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Шарафат Заман Амар дүйсенбі күнгі дауыл салдарынан 40 адамның қаза тапқанын және жарақат алған 347 адамның Желалабадтан Нангархардағы аймақтық ауруханаға және жақын орналасқан аудандарға жеткізілгенін растады.

Провинция өкілі Седикулла Курейшидің айтуынша, қаза болғандар арасында бір отбасының бес мүшесі бар. Олар үйдің төбесі құлап, көз жұмды.

Нангархар провинциясында 400-ге жуық үй қирады. Көптеген ауданда электр жарығы өшірілді. Желалабад қаласында байланыс шектелді. Келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр.