Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккендер үйінді астынан шығарылуда

0
119


Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккендер үйінді астынан шығарылуда

Сурет: Х/OpenNewNews

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 3 қарашаға қараған түні Ауғанстанның солтүстігінде магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады zakon.kz.

Куәгерлер мен әлеуметтік желілердегі ақпараттарға сүйенсек, мыңға жуық азамат құрбан болуы мүмкін. Зілзаланың эпицентрі Ташқорған қаласынан 9 шақырым жерде орналасқан.

Жер асты дүмпулері Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Пәкістан аумақтарында да сезілген. АҚШ геологиялық қызметі Ауғанстанда қауіптіліктің қызғылт сары деңгейін жариялады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ең көп зардап шеккен өңір – Мазари-Шариф маңы. Ондаған ғимарат қирап, кейбірі түгелдей жермен-жексен болған. Сондай-ақ жүздеген үйдің қабырғалары жарылып, қасбеттері құлаған.



Тұрғындар жаппай үйлерінен сыртқа қашып шыққан, ал құтқарушылар зардап шеккендерді үйінді астынан шығарып жатыр.

Негізгі дүмпуден кейін тағы кем дегенде бес зілзала тіркелді, олардың ең күштісінің магнитудасы 5,2 баллға жеткен.