Әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын лайк арқылы біліп қойды (фото)

0
7 572

Алданған келіншек бұл оқиға туралы үндемей қалуды жөн санамады. Өзінің жеке парақшасына студент қыздың суретін салып: «Бәріміз ақша жинап студентке киім алып берейік. Ол менің киімдерімді киіп жүр»,-деп жазба қалдырған.


Әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын лайк арқылы біліп қойды (фото)

Оңтүстік-Урал Мемлекеттік университетіндегі (ЮУрГУ) мұғалім студентімен көңілдес екенін жұбайы «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «лайк» арқылы біліп қойды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.

Мұғалімнің жұбайы күндесін әлеуметтік желідегі суреттері арқылы тауып алған.

Алданған келіншек бұл оқиға туралы үндемей қалуды жөн санамады. Өзінің жеке парақшасына студент қыздың суретін салып: «Бәріміз ақша жинап студентке киім алып берейік. Ол менің киімдерімді киіп жүр»,-деп жазба қалдырған.

Жас қыздың келіншектің киімдерін киіп, мысығымен суретке түскені шамына тиген.

Студент қыз мұғалімімен арасындағы қатынасты жасырмаған, есесіне, жатын бөлмесіндегі суреттерін парақшасына салып отырған.

Жанжалдан кейін жас қыз парақшасына шектеу койган, ал көңілдесі «Instagramдағы» парақшасын мүлдем жауып тастаған.

Бір қызығы келіншек те бір кездері жұбайының студенті болған. «Ауру қалсада, әдет қалмайдының» бұл да бір көрінісі.