Тасжолдарда жылдамдықты өлшейтін жаңа құрылғылар орнатылды

0
78

Ведомство аталған учаскеде рұқсат етілген жылдамдық сағатына 110 шақырым екенін еске салды.


Тасжолдарда жылдамдықты өлшейтін жаңа құрылғылар орнатылды

фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Астана – Алматы бағыты бойынша тасжолдарда жылдамдықты өлшейтін жаңа құрылғылар орнатылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды (айналма жол арқылы) – Алматы автожолында жаңа жылдамдық өлшейтін құрылғылар іске қосылды. Әңгіме Балқаш қаласынан Сарышаған кентіне дейінгі аралық туралы болып отыр.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, камералар Торанғалық және Гүлшат кенттері маңындағы жол аркаларына орнатылған. Ереже бұзушылықтар қозғалыстың екі бағыты бойынша да тіркеледі.

Ведомство аталған учаскеде рұқсат етілген жылдамдық сағатына 110 шақырым екенін еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев биыл ұзындығы 2 мың шақырым болатын 6 жаңа учаскені іске қосу жоспарланып отрығанын мәлімдеген еді.