Роналдудың жеке ұшағы Сауд Арабиясынан кетіп қалды

0
92

Роналдудың бой тасалауы Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне дрондармен шабуыл жасалу себебінен болуы мүмкін.


Роналдудың жеке ұшағы Сауд Арабиясынан кетіп қалды

Фото: dailymail.co.uk

ERNUR.KZ. The Sun басылымының жазуынша, әуе көлігінде танымал футболшының бар-жоғы әзірге белгісіз. Десе де, Сауд Арабиясындағы АҚШ елшілігіне Иранның дрондарымен жасаған шабуылдан соң мұның ықтималдығы жоғары болып тұр, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, Криштиану Роналдуға тиесілі жеке ұшақ Мадридке қарай жол тартқан.
"Әл-Наср" клубында доп тебетін 41 жастағы Роналду Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта сүйіктісі Джорджина Родригес және 5 баласымен бірге тұрады.

Еске салайық, "Әл-Наср" футбол клубының келесі ойыны 7 наурызға жоспарланған. Команда Сауд Арабиясы чемпионатының 25-турында Неом командасымен жолығады.

4 наурызда "Әл-Наср" Дубайдағы "Аль-Васл" командасына қарсы Азия чемпиондар лигасының плей-офф ойынын өткізеді деп болжанған еді. Десе де, қауіпсіздікке байланысты матч кейінге қалдырылған.

28 ақпан күні Израиль мен АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағаны белгілі. Соның салдарынан Иран Батыс Азиядағы америкалық әскери нысандардың барлығына жауап ретінде соққы беріп, шабуыл жасауда.

Роналдудың бой тасалауы Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне дрондармен шабуыл жасалу себебінен болуы мүмкін.