"Ажырасуға бел байлаған": 72 жастағы ер адам әйелін мылтықпен атып, артынша өзіне қол салған

0
474

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.


ERNUR.KZ. 72 жастағы тұрғын әйелін мылтықпен атып, кейін өз-өзіне қол салған, деп жазады Stan.kz.


Татарстанда Набережных Челнов есімді ер адам әйелін атып тастаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеудің барысы мен нәтижелері қадағалаушы органның бақылауына алынды", – делінген Татарстан прокуратурасының хабарламасында.

Қаза тапқан әйел 66 жаста болған екен. Дереккөздің айтуынша, ерлі-зайыпты ажырасуға бел байлап, жанжалдасып қалған екен.

Мылтықтың дауысын естіген көршілер полиция шақырғанымен, ер адам арнайы жасақ кірмес бұрын өз-өзіне қол жұмсаған.

Бұл үйде олардың қызы өз баласымен келген екен.Ол да анасына араша түскен кезде жарақат алған.