Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі мұнай терминалдарының бірі Фуджейра портында дрон шабуылынан кейін мұнай экспорты тоқтады.
Фото: armiya.az
ERNUR.KZ. Алдын ала мәліметке сәйкес, порт маңында қағып түсірілген ұшқышсыз аппараттың сынықтары құлап, салдарынан өрт шыққан, деп жазады inbusiness.kz.
Зардап шеккендер жоқ. Айта кету керек, Фуджейра Ормуз бұғазы арқылы тасымал шектелген жағдайда да мұнай экспортын жалғастыра алатын өңірдегі негізгі порттардың бірі.
Оқиғаға байланысты билік қосымша қауіпсіздік шараларын күшейткен.


