Ол жасанды интеллект көмегімен көліктің багын өзі ашып, жаба алады.
ERNUR.KZ. Көлікке жанармайды робот құйып береді, деп жазады baq.kz.
Ол жасанды интеллект көмегімен көліктің багын өзі ашып, жаба алады.
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бұл робот жанар-жағармай бекетінің жұмыс өнімділігін арттырып, жүргізушілердің күту уақытын мейлінше азайтады, - дейді жоба авторлары.
Робот әзірге пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Алдағы уақытта барлық бекеттерге орнатылуы мүмкін.