БАӘ өз тарихындағы рекордтық жауын-шашыннан кейін қалпына келтіріліп жатыр

0
277

Көшелерде суды тартып шығару үшін автоцистерналар жұмыс істеп жатыр.


БАӘ өз тарихындағы рекордтық жауын-шашыннан кейін қалпына келтіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Парсы шығанағы мемлекеті елде бұрын-соңды болмаған жауын-шашыннан кейін қалпына келтіріліп жатыр. Бейсенбі күні елдің басым бөлігінде жауған жаңбыр тоқтады. Бірақ тұрғындардың көпшілігі толассыз жауған нөсердің салдарымен әлі күресіп келеді, деп жазады inform.kz.

Сәрсенбі күні халыққа жолдауында БАӘ президенті, Әбу-Даби билеушісі шейх Мұхамед бен Заид Әл Нахайян билік «БАӘ-дегі инфрақұрылымның жағдайын тез арада тексеріп, келтірілген залалды шектеуге көшетінін» айтты.

Куәгерлердің айтуынша, бейсенбі күні адамдар бұрын тасталған көліктерге жету үшін су тасқыны арқылы өтіп, қозғалтқыштарының жұмыс істеп тұрғанын тексерген. Көшелерде суды тартып шығару үшін автоцистерналар жұмыс істеп жатыр. Әмірлік басшысы сондай-ақ ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен барлық отбасыға қолдау көрсетуді, зардап шеккендерді жергілікті билікпен бірлесіп қауіпсіз жерге көшіруді бұйырды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері су басқан жолдарды тазалауға кірісіп, дауылдан үйлер мен кәсіпорындарға келтірілген шығынды бағалау басталды.

Мектептер келесі аптаға дейін жабық. Бейсенбі күні таңертең Дубай халықаралық әуежайы (DXB) шетелдік тасымалдаушылар пайдаланатын 1-терминалда кіріс рейстерін қабылдауды қайта бастағанын хабарлады. Бұл ретте рейстердің әлі де кешігіп, тоқтатылып жатқаны атап өтілді. Кейіннен 3-терминалда Emirates және Flydubai рейстеріне тіркелу қайта ашылды.

Әуежай билігі әуежай терминалдарында адам көп болуына байланысты жолаушыларды қолдарында әуе компаниясының расталған брондауымен ғана келуге шақырды. Хабарланғандай, жақын маңдағы жолдарды су басуы себебімен дауыл кезінде әуежайда қалып қойған жолаушыларға азық-түлікті түнгі сағат 1-де жеткізілген. Дауыл кезінде ұшу-қону жолағын су басу салдарынан барлығы 1244 рейс тоқтатылып, 41 рейс бағытын өзгертті, деп хабарлайды Khaleej Times.

«Дағдарыс елдер мен қоғамдардың күшін көрсетеді. Біз бастан өткерген табиғи климаттық дағдарыс барлық азаматтар мен тұрғындардың еліміздің әр түкпіріне деген зор қамқорлықты, саналылықты, бірлік пен сүйіспеншілікті көрсетті», - деп жазды Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мактум Х әлеуметтік желісінде.