Балалар енді «трансген» барби қуыршағымен ойнайтын болады

0
1 381

Әйгілі қуыршақ "модернге" ұшырады.


Балалар енді «трансген» барби қуыршағымен ойнайтын болады

ERNUR.KZ. Американың ірі дүкен желісінде Барби қуыршағының жаңа түрі пайда болды. Естеріңізде болса, 90-жылдары аяғы ұзын, өзі сарының сұлуы, сүйіріктей "нағыз" Барби - қыз қуыршақ, кейіннен оның дос ұлы Кен деген қуыршақ шыққан. Ал қазіргі жаңа Барби енді қызға да, ұлға да ұқсамайды, деп жазады Zakon.kz.

Жобаның идеясы – бұл әлі өзін қыз немесе ұл ретінде танып үлгермеген балаларға арналған "инклюзивті" қуыршақ болып табылады. Ал жаңа қуыршақ жынысы жоқ арық адамға ұқсайды. Оны қаласа қыз қылып, қаламаса ұл қылып киіндіруге болады. Қуыршақты қолданушылардың жасы алты жасқа дейін деп көрсетілген.

Яғни, қазір Барби мен Кен трансгендер деп айтсақ та болады.