«Балтамен қорқытты»: Жігіт 9 жастағы жиенін екі мәрте зорлаған

0
1 222

Зорлық көрсеткен тұрғын 16 жыл түрмеде отырады.


«Балтамен қорқытты»: Жігіт 9 жастағы жиенін екі мәрте зорлаған

ERNUR.KZ. Самарқанд қаласында тұрғыны тоғыз жастағы жиенін екі мәрте зорлаған. Ол қызды пышақпен, балтамен қорқытқан, деп жазады sn.kz.

Ол бірінші мәрте зорлық әрекетін биыл 1 ақпанда жүзеге асырған. Сол күні жігіт мас болып, оқушы қызды үйіне алдап кіргізген. Үйде тоғыз жастағы қызды қорқытып, зорлаған.

Бір жарым айдан соң жігіт зорлық әрекетін тағы қайталаған. Бұл жолы ол оқушыны балтамен қорқытқан.

Істі Самарқанд облыстық қылмыстық істер жөніндегі соты қарап жатыр. Сот приставтары жігіттің оқушы қызды зорлағанына көз жеткізген. Зорлық көрсеткен тұрғын 16 жыл түрмеде отырады. Бұған қоса ол маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді.